14 жасар жасөспірімнің зорлануы: Күдікті Жетісу облысындағы тауда ұсталды

Сурет: zakon.kz
Жетісу облысының тауларында шекарашылар ер адамды ұстады. Ол 7 қарашада 14 жасар жасөспірімге қатысты аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген. Қашып жүрген 38 жастағы ер адам екі тәулік бойына іздеуде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысы полицейлерінің мәліметінше, күдікті Сарқан ауданының тауларында Тополевка ауылынан 10 шақырым жерде ұсталған. 38 жастағы ер адам аудандық полицияға жеткізілді. Оны облыстық ҰҚКД Сарқан шекара заставасының шекарашылары ұстады.

"Ұсталған ер адам 7 қарашада 14 жасар жасөспірімге қатысты аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген. Екі тәулік бойында қашып жүрген оны іздеуге бірнеше аудан полицейлері мен облыстық департаменттің жедел қызметкерлері жұмылдырылған", - деп хабарлады полициядағылар.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, күдіктіні іздеу үшін таулы және дала жерлерді шолып шыққан бірнеше іздеу топтары құрылған. Күдіктіге қатысты бағдар әлеуметтік желіге орналастырылып, өңірдің барлық полиция бөлімшелері оны іздеуге жұмылдырылды. Іздеу іс-шараларына полицейлер арнайы техниканы да тартты.

"Іс бойынша тергеу ҚР ҚК 121-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес жүргізіледі (кәмелетке толмағанға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері). Қылмыстық іс ерекше бақылауға алынды". Жетісу облысы ПД

2023 жылдың 24 шілдесінде Абай облысында 9 жасар баланың зорланғаны белгілі болды. Жантүршігерлік оқиға туралы заңгер Дина Таңсәріге зардап шеккен баланың әкесі баяндап берген. Тағы бір жаға ұстатар оқиға бір ай бұрын Алматыда болған: бірінші сынып оқушысы жекеменшік мектептердің бірінде зорланған. Бұл туралы анасы мәлімдеді.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты