Алматыға қыдырып келген оңтүстік кореялық жігітке 172 500 теңге көлемінде айыппұл салынды

Сурет: polisia.kz
Сеул – Алматы бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне Air Astana әуекомпаниясы өкілінің актісі бойынша құқық бұзушы берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында полицейлер әуе кемесінің дәретханасында темекі шеккен 24 жастағы Оңтүстік Корея азаматын анықтады.


"Шетелдік азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігі, яғни әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтыну бойынша әкімшілік хаттама толтырылып оған 50 АЕК (172 500 тг) мөлшерінде айыппұл салынды", делінген полиция хабарламасында.

Айта кетсек, ұшақ бортында темекі шегуге тыйым салынады және бұл 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді