Жетісу облысы ПД бастығы мен оның орынбасарлары қызметінен босатылды

Сурет: Zakon.kz
Талдықорғанда болған соңғы резонанстық оқиғаға байланысты ІІМ басшысы Ержан Саденов ІІМ орталық аппараты қызмет басшыларынан құралған арнайы топпен Жетісу облысына барды. Кездесуде ІІМ басшысы Жетісу облысының полиция басшыларына қатысты қабылданған шешімді айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство басшысы өзінің сапары аясында өңір полициясының жеке құрамымен және ІІО ардагерлерімен кездесу өткізді. Отырысқа облыс әкімі Бейбіт Исабаев та қатысты.

"Ел азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғайтын полиция қызметкері үшін заң мен тәртіп бірінші орында болуы керек. Құқыққа қайшы келген азаматтар мен полицейлердің заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылуы тиіс. Заң бәріне ортақ", - деп атап өтті министр Ержан Саденов.

Кездесуде ІІМ басшысы Жетісу облысының полиция басшыларына қатысты қабылданған шешімді айтты.

"Осылайша, облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов қызметінен босатылды. Оның бірінші орынбасары Жасұлан Байкеновке қызметтік сәйкестіктің толық  еместігі туралы ескертілді. Облыстық департамент бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Талант Жұмабек пен тергеу бойынша орынбасары Мақсат Ережепов те өз қызметтерінен босатылды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Жетісу облысы ПД бастығының міндетін енді полиция генерал-майоры Арман Саданов атқаратыны да нақтыланады. Бұған дейін ол ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментін басқарған.

Айта кетсек, 13 қарашада Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы облыс тұрғынын зорлады деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Кейінірек бұл ақпаратты Жетісу облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов растады. Бұл фактіге сәйкес ҚР ҚК-ның 120-бабы, 2-бөлігі (Қызмет бабындағы тұлғаның зорлау әрекеті) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін