Шымкентте кәсіпкерге кедергі келтірген әкімдік қызметкерлері жауапқа тартылды

Сурет: pixabay
Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан кейін кәсіпкердің құқығы қорғалып, оған негізсіз кедергі келтірген әкімдік қызметкерлері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, аталған ведомствоға аудан әкімдігінің лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттеріне шағымданып жергілікті кәсіпкер жүгінген.

Шенеуніктер бірнеше ай бойы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы соманы қайтаруды негізсіз кешіктірген.


"Департаменттің араласуынан кейін жауапты мемлекеттік қызметшілерге қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, бұзушылықтар расталып, тиісті тұлғалар жазаланды. ЖШС шотына 11 млн теңге көлеміндегі шартты қамтамасыз ету сомасы қайтарылды", делінген хабарламада.
Шымкент
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты