Қарағанды облысында экс-полицейлер майнинг жабдықтарын ұрлады деген күдікке ілінді

Сурет: Zakon.kz
Қарағанды облысында бұрынғы екі полиция қызметкері майнинг жабдықтарын ұрлау және өкілеттіктерін теріс пайдалану ісі бойынша күдікті деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 қарашада Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен хабарлағандай, өңірлік полицияның өзіндік қауіпсіздік департаменті құқық қорғау органдарының екі бұрынғы қызметкері күдікті ретінде қарастырылатын қылмыстық істі тергеп жатыр.

ҚР ҚК-ның 188-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағы және 361-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша бұрынғы полицейлерге майнинг жабдықтарын ұрлады, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдік келтіріледі. 

"Қарағанды облысы прокуратурасының келісімі бойынша бұрын теріс себептермен жұмыстан шығарылған полиция департаментінің тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Рустам Құлкеев пен осы басқарманың тергеушісі Қанатов аталған қылмыстық іс бойынша күдікті мәртебесіне ие. Тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Құлкеевтің орналасқан жері анықталып жатыр. Тергеуге келмеген жағдайда оған іздеу жарияланады", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Полиция тергеу шараларының егжей-тегжейін әлі ашып айтпай отыр. 

27 қарашада интернетте екі ай бұрын қызметінен шеттетілген Рустам Құлкеевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны, оның тергеуден жасырынып жүргені туралы ақпарат пайда болды.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды