Нұрлан Мәсімовке қатысты шығарылған бұрынғы сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды

Павлодар облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық тәртіпте өңір полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке және басқаларға қатысты қылмыстық істі қарады. Іс қорғаушы тараптың апелляциялық шағымдары бойынша түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2023 жылы 1 желтоқсанда өңірлік полиция департаментіндегі пара алу және ұрлық фактілері бойынша апелляциялық шағымды қайта қарай отырып, резонанстық іске нүкте қойды. Сот актісі тек бір сотталушы – кәсіпкер Евгений Евковичке қатысты ішінара өзгертілді. Сот алқасының қаулысымен оған бас бостандығынан айыру мерзімі бес жылға дейін қысқартылды, шоттары бұғаттан босатылды. Бұған дейін Евгений Евкович өзіне тағылған қылмыстық құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындап, 420 млн теңге шығын өтеген. 

"Іс бойынша үкімнің күшін жоюға әкеліп соқтыратын қылмыстық процестік заңының елеулі бұзушылықтары анықталған жоқ. Осыған байланысты М. және С-ға қатысты үкім өзгеріссіз, ал апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылсын",- деді судья Марат Рымбаев.

Қаулы заңды күшіне енді.

Нұрлан Мәсімов пен Дамир Сиразидимовтың адвокаттары мен туыстары үкім жария етілгеннен кейін бірден жоғары сот сатысына жүгінуге ниетті екендіктерін мәлімдеді. 

Айта кетсек, бұрын, алқабилердің кесімі бойынша М., С. және Е. сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу және талан-таражға салуда, сонысымен мемлекетке 423 млн теңгеден астам сомаға залал келтіруде, сондай-ақ М. пара алуда және ҚР мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтуде, С. парақорлыққа делдал болуды кінәлі деп танылды. Осыған байланысты Нұрлан Мәсімовке 10 жыл, Дамир Сиразидимовқа 8 жыл, Евгений Евковичке 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар тағайындалған болатын. 


Павлодар
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: