Жамбыл облысында мас жүргізуші тізгіндеген көлік апатқа ұшырап, бір адам көз жұмды

Сурет: polisia.kz
Дихан-2 ауылының маңында Тараз – Сарыкемер – Мырзатай тас жолында ВАЗ-2107 көлігінің 26 жастағы мас жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол апатына ұшырады. Салдарынан көлікте болған 27 жастағы жолаушы зардап шегіп, Байзақ ауданының орталық ауруханасында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-1-бабы 3-бөлігімен (Автокөлікті басқаратын адамның абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған мас күйінде жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

"Бұл бапқа сәйкес осы қылмысты жасағаны үшін 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделген", делінген полиция хабарламасында.

Жүргізуші қамаққа алынып, тергеу сотымен 2 айға санкцияланды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

2023 жылдың 11 айында көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 725 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін