Ақтөбе облысында жолаушылар мінген автобустың дизелі қатып, жолда қалып кеткен

Патрульдік полиция жасағы кешке қарай Аралтоғай ауылының маңындағы Самара-Шымкент тас жолында тұрған автобусты байқайды. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жолаушылар автобусының жанармай багындағы дизель отынының қатып қалғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметі, 8 желтоқсанда Әйтеке би ауданында 25 градус аяз әрі дизелі қатқан автобуста 10 ересек адам болғанын нақтылайды.

"Олар Шымкенттен Оралға жол бағыт алған. Шамамен екі сағат тұрғаннан кейін жолаушылар тона бастаған. Полиция қызметкерлері жолаушыларды жақын маңдағы жол бойындағы кемпингке жеткізу үшін көліктерге мінгізіп жіберді", делінген хабарламада.

Полиция департаменті алда жүргізушілерге ең қиын маусымы басталғаның еске салады.

"Боран, көктайғақ - жолда күтпеген жағдайлар көп болады. Жүргізушілерге жолға дайындықпен шығуға кеңес береміз: қосалқы дөңгелектермен және толық жанармай багымен. Сондай-ақ, жүргізушілерді жолда бір-біріне көмек беруге шақырамыз. Өйткені әркім қиындыққа тап болуы мүмкін".

Айта кетсек, Қазақстанның басым бөлігінде күн күрт суытып, -42°C аяз болады деп болжанады.

Ақтөбе
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: