Жаңаөзен қаласында аттестат сатқан кешкі мектеп директоры сотталды

Сурет: Zakon.kz
Жаңаөзен қаласында кешкі мектеп директоры пара үшін сотталды. Орта білім туралы аттестатты заңсыз берген оқу орнының басшысы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сондай-ақ оған ірі мөлшерде айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңаөзен қаласының соты 70 мың теңге көлемінде пара алған мектеп директорына 2 100 000 теңге айыппұл салды.

"Сот Жаңаөзен қаласының кешкі мектеп директоры орта білім туралы аттестатты беру үшін 70 мың теңге көлемінде пара алғанын анықтады. Сот оның кінәсін толық мойындағанын және бұрын соты болмағанын ескерді. Жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ", делінген соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот мектеп директорын ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлімінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тапты.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды