Әйелін өлтірді деп күдікке ілінген Бишімбаевтың әкесі журналистердің үстінен арызданды

Сурет: Facebook/Куандык Бишимбаев
Бұрынғы Мәжіліс депутаты, әйелін қатыгездікпен өлтірді деп күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев ІІМ басшысына бірқатар БАҚ үстінен арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, "Гиперборей" арнасына, бірқатар блогерлер мен басқа да БАҚ-тарға шағымданды.

Журналист Вадим Борейконың тұспалдауынша, арыз түсіруге кіші Бишімбаевтың жауапкершіліктен сытылып кетуі мүмкін деген блогердің болжамы себеп көрінеді.

Полиция мұндай арыз түскенін растады.

"Полицияға арыз келіп түсті, қазіргі уақытта ол қарастырылып жатыр". Астана қалалық ПД баспасөз қызметі

2023 жылы 30 қарашада ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев Мәжіліс дәлізінде Қуандық Бишімбаевтың жұбайы Салтанат Нүкенованы айрықша қатыгездікпен өлтірді деп күдікке ілінгенін айтқан. 

4 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева Орталық Азия әйелдері диалогы конференциясының аясында журналистерге берген сұқбатында Қуандық Бишімбаевтың оқиғасы туралы БҰҰ сайтында ақпарат жарияланғанын мәлімдеді.

21 желтоқсанда ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа қашан жететінін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін