Қазақстандықтар зиян өндірісте жұмыс істегені үшін қалай төлем ала алады

Сурет: primeminister.kz
Қазақстан үкіметінің 26 желтоқсандағы отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зиян еңбек жағдайында жұмыс істегендерге арнаулы әлеуметтік төлемнің қалай төленетінін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінде министрліктің ақпараттық жүйелері сынақтан өтіп, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалануға дайын.

"Төлемдер проактивті форматта жүзеге асады және бір төлеммен жүреді. Төлемді алғанға дейін қызметкер еңбек ресурстары порталында өзінің жеке кабинетіндегі  алдын ала есептеуге сұрау салу арқылы төлемнің мөлшерін біле алады. Авторизация өтіп, өз логинін енгізуі керк. Егер азамат сол жерде көрсетілген сомаға қанағаттанса, өтініш береді. Соған сай жұмыс беруші біздің бірыңғай жүйеге еңбек шарты бұзылғаны туралы тиіс ақпаратты енгізеді. Содан кейін біз макет дайындап, төлем жасаймыз".Светлана Жақыпова

Министр бұған дейін Қазақстандағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын ұсынған еді. Светлана Жақыпованың айтуынша, тұжырымдаманың мақсаты - жұмысшылардың еңбек өмірінің сапасын жақсарту және еңбек ресурсын үнемдеу.

Бұл Қазақстандағы өндіріс жарақатының көбеюіне байланысты қажет. Ресми статистикаға сай, 2022 жылы жұмыс орнында зардап шеккендер саны 2021 жылмен салыстырғанда 15%, кәсіптік аурулар 8Ғ өскен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты