ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған мекемеде бүгіндері 20-ға жуық ІІІ-ші топтағы мүгедектігі бар сотталғандар жазасын өтеп жатыр. Аталған мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлері "Шығыс Қазақстан облысының зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы" коммуналдық мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, жазасын өтеп жатқан сотталғандарға "SARA" оқу машинасын Жаңа жылға сыйға тартты.
Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД-ның баспасөз қызметі
"Бұл машина көмегімен жазасын өтеп жатқан мүгедек сотталғандар журналдар, газеттер немесе кітаптарды немесе мәтіндерді дауыстап оқитын болады. Бұл аппарат синтезделген сөйлеуді пайдаланып мәтінді сканерлеу, тану және дыбыстау принципі бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар, мониторға қосылған кезде ол бұрыннан танылған мәтінді мониторда көрсетеді және қосымша функцияларға ие: яғни әріп өлшемін ұлғайту, мәтін мен фон түсін өзгерту, оқу кезінде әріптер арасындағы қашықтықты арттыру және сөздерді бөлектеу мүмкіндігі бар. Құрылғыны пайдалану өте оңай. Мүгедек сотталғандарға өте қажетті құрылғы", - деді мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Арман Катанов.