Кәмелетке толмаған екі қызды зорлады деп күдікке ілінген ер адамның сот отырысы жабық өтті

Сурет: freepik
Павлодар облысында жабық сот талқысында кәмелетке толмаған екі қызға күш қолдану арқылы зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прокурор айыпталушыны 24 жылға қамауды сұрады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz облыстық  қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокурор қылмыстардың жиынтығы бойынша айыпталушыны 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Іс бойынша жәбірленушілер жаза тағайындау бөлігінде мемлекеттік айыптаушыны толық қолдады.

"Алайда сотталушы кінәсін мойындамады. Қылмыскердің кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, іс бойынша жүргізілген сараптамалармен және сотта зерттелген басқа да айғақтармен дәлелденді. Жасалған әрекет үшін заңмен 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жаза көзделген. Сот қылмыстардың жиынтығы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеумен 22 жылға бас бостандығынан айыру жасазын тағайындады", делінген сот хабарламасында. 

Сондай-ақ, сотталушы өмір бойы педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылғаны да нақтыланады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды