Жамбыл облысының тұрғыны қос азаматтығы үшін елден шығарылды

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысында Меркен аудандық соты азаматқа қатысты республиканың азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың ақпан айында Қазақстаннан Қырғызстанға мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде шекарашылар ер адамның қос азаматтығы бар екенін анықтаған.

Белгілі болғандай, ол 2010 жылы Түркия Республикасының азаматтығын алып, заңмен белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісі туралы хабарламаған.

Сотта ер адам өз кінәсін мойындап, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу қажет екені туралы білмегенін түсіндірді. Айыппұлды төлей алмайтындықтан, айыппұл салмауды өтінді.

ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы, 2-бөлігіне сәйкес шетел азаматтығын алу фактісі туралы заңнамада белгіленген мерзімде хабарламау 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға немесе Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.

Сот шешімімен ер адам осы бап бойынша кінәлі деп танылып, Қазақстаннан шығарылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз