Ақтөбелік азамат ай сайын анасына 151 372 теңге алимент төлейтін болды

Сурет: pixabay
Ақтөбеде 68 жастағы зейнеткер өзінің ересек ұлынан алимент өндіру талабымен сотқа жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе қаласы №3 сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, талап қоюшы зейнеткерлік жасында болуына, денсаулығының нашарлауына байланысты күрделі ота жасатуға мүмкіндігі болмағандықтан, баласынан алимент өндіруді сұрады.

"ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 145-бабының 1,2 тармақтарына сәйкес, еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті. Сотта өткізілген татуластыру рәсімінің нәтижесінде тараптар дауды бітіммен аяқтауға шешім қабылдады. Тараптармен қол қойылған бітімгершілік келісімге сәйкес, жауапкер өзінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз анасына ай сайын 41 АЕК, яғни 151 372 теңге мөлшерінде алимент төлеуге міндеттелді", делінген сот хабарламасында.

Соттың ұйғарымымен келісім бекітіліп, азаматтық іс тоқтатылды

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған