Сот үкіміне сәйкес, сотталушы адам колонияда 15 жыл 6 айын өткізетін болады. Алайда ол соттың бұл шешімімен келіспеді.
Сотта күдіктінің жасөспірім қызды 2023 жылдың сәуірінде үйінің ауласында ойнап жүрген жерінде зорлауға тырысқаны анықталды. Қарсыласқан мектеп оқушысын ол аяусыз ұрып-соғып, талдырып тастау үшін қылқындырған. Алайда белгілі себепке байланысты ол қылмыстық пиғылын соңына дейін жеткізе алмады. Өйткені сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар аталған жайтқа араласып, полиция шақыратындықтарын айтып оны қорқытқан. Жанүршігерлік оқиғадан кейін қызды шұғыл ауруханаға жатқызу қажет болды.
"Прокурор айыптауды қолдап, сотталушыны С. Н. ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының, 3-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындауды сұрады. Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушы жазасын өткеру үшін қылмыстық-атқару жүйесінің қатаң режимдегі мекемесін белгілеуді сұрады", - деді 15 наурызда Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев.
Белгілі болғандай, сотталушы 2018 жылы сотталған болып шықты. Ол кезде ол кісі өлтіру қоқан-лоқысымен байланысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері және алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жасаған тонау фактісі бойынша сотталған.
Тергеу мәліметтері бойынша, ол колониядан шыққаннан кейін тоғыз күн өткен соң тағы қылмысқа барған. Алайда, сотта айыпталушы өз кінәсін ішінара мойындады, ол қызды зорлағысы келмегенін, бірақ онымен сөйлеспек болғанын айтты. Ол өзімен арада болған оқиғаны ата-анасына айтпау үшін мектеп оқушысын ұрып-соққанын айтты. Дегенмен сот "ағынан жарылған" мұндай фактілерді ескермей, оны түрмеге жапты.
"Сот шешімімен сотталушы "жас баланы зорлауға оқталғаны үшін" кінәлі әрі қылмыстың қайталануына байланысты қауіпті деп танылды. Ол қатаң режимдегі мекемеде жазасын өтей отырып, 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды", – деді Әсет Серікбай.
Үкім заңды күшіне енген жоқ. Педофил-рецидивист бірінші сатыдағы соттың шешіміне шағымданбақ ниетте. Атышулы іс бойынша апелляциялық сот отырысы 2024 жылдың 19 наурызында өтеді.
Айтқандай, әу баста, құқық қорғау органдары аталған факт бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғады. Қыздың ата-анасы "Не молчи" қорына жүгінгеннен кейін ғана іс "Зорлауға әрекеттену" санатына ауыстырылды. Оқиға қоғамдық резонансқа ие болды.