Алаяқтар пошта қызметі атынан да хабарласа бастады

Сурет: pixabay
Алаяқтар жұртты алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты. Олар енді ел азаматтарына Қазақстанның пошта қызметінің атынан фейк СМС-тер жіберетін болған. Мамандар осы сипатта хабарлама алсаңыз, оған сенбеу керектігін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пошта қызметінің "хабарламасында" Сіздің пакетіңіз қоймаға келгені, бірақ мекен-жайы қате көрсетілгені айтылады. Өтінішті растау үшін күмәнді сайттың сілтемесі беріліп, оны Safari браузерінде ашу ұсынылады.

Сурет: stopfake.kz

"Бұл ақпаратқа сенбеңіз және фишингтік сілтемеге өтпеңіз", деп жазады Stopfake.kz.

Ал "Қазпошта" АҚ хабарламаларды тек 1499 ресми қысқа нөмірінен ғана жіберетіні, ал ұлттық байланыс операторының ресми сайттары post.kz, kazpost.kz екенін нақтылайды.

"Достар, соңғы уақытта алаяқтар көбейді! "Қазпошта" сіздерге компания сайтына ұқсас күмәнді сайттарға (тауар немесе жеткізілім үшін төлем жасау) өтуге ұсыныс жасалса, сіздерді алаяқтар алдауға әрекет етіп тұрғанын еске салады. Егер сіз сәлемдемені күтіп отырсаңыз, оның мәртебесін сайтта немесе post.kz мобильді қосымшасында тексеруге болады. Ең бастысы банк картаңыздың нөмірін және CVV-кодын ешқашан ешкімге айтпағаныңыз дұрыс. Егер сіз күмәнді сайтта тауарға жеткізіліммен бірге төлем жасау туралы шешім қабылдасаңыз, онда сіз бұл шешіміңіз үшін өзіңіз жауапкершілік алатын боласыз", – деп ескертеді "Қазпошта" АҚ өкілдері Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.
Қазақстан
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті