ІІМ дүкендерге жүргізілген рейд қорытындысын жариялады

Сурет: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі темекі өнімдерін заңсыз тарату бойынша жүргізілген рейд қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев атап өткендей, рейд "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілді. 


"Темекі өнімдерін заңсыз тарату фактілерін анықтау бойынша рейдтер жүргізілді. Жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін тұтынудың 1,5 мың фактісі тоқтатылды. Кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатудың 174 фактісі анықталды. 21 жасқа толмаған адамдарға темекі өнімдерін сатқан 186 кәсіпкер жауапқа тартылды. Шегілмейтін темекі өнімдерін сату мен таратудың 1,5 мыңнан астам фактісі тіркелді", - Шыңғыс Алекешев

Бұдан бөлек, шегілмейтін темекі өнімдерін өндірген жасырын екі цех анықталып, 3,5 тоннаға жуық насыбай тәркіленді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Талдықорған маңындағы жантүршігерлік жол апаты: үш адам қаза тауып, алтауы жарақат алды

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады