Су басқан өңірлерге 15 мың полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылған

7 сәуірде республикалық ақпараттық штабта өткен брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев салалық министрліктің су тасқыны кезеңінде атқарып жатқан жұмыстары жайлы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бүгінде авариялық-құтқару іс-шараларына 5,5 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері, сондай-ақ ведомстволық академия курсанттары қатысуда.

Олардың көмегімен 12 мыңнан астам адам құтқарылды. Оның ішінде 290-нан астам тұрғын тікұшақ техникасы арқылы эвакуацияланды. Сондай-ақ 8,5 мың метр арықтар тазаланып, суды бөгеу үшін 115 мыңнан аса қап төселді.

"Барлық іс-шараларға полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілердің ең көп саны жұмылдырылды. Жағдай нашарлаған жағдайда басқа өңірлерден қосымша күштер мен құралдар тартылатын болады. Бүгінде республика бойынша құқықтық тәртіпті 15 мың полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қамтамасыз етуде", - деді ол.

39 ауданда зардап шеккен елді мекендер қоршауға алынды. Қараусыз қалған 1 266 тұрғын үй мен басқа да нысандар күзетілуде. Тонау, ұрлық сынды қылмыстарға жол берілмеді. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін 87 уақытша орналастыру пункті ұйымдастырылды.

Жолдағы қауіпсіздік қамтасыз етілуде. Республикалық маңызы бар жолдардың 17 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Су басқан аймақтардан полицияның сүйемелдеуімен арнайы колоннамен 3,5 мың автокөлік шығарылды.

Патрульдік полиция экипаждары халықты ахуал бойынша хабардар етіп, қауіпті ескерту жұмыстарын жүргізуде. Жалған ақпараттың таралуына тосқауыл қою үшін ақпараттық кеңістікті бақылауда.

Сондай-ақ, стратегиялық объектілерді қорғау қамтамасыз етілуде:

"Барлық іс-шараларға полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілердің ең көп саны жұмылдырылды. Жағдай нашарлаған жағдайда басқа өңірлерден қосымша күштер мен құралдар тартылатын болады. Ішкі істер органдары су басқан аймақтарында тиісті тәртіпті қамтамасыз етеді", деп нақтылады спикер.

Айта кетсек, алдында еліміздегі су тасқынына тап болған өңірлер бойынша Денсаулық сақтау министрі есеп берген болатын

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: