Ақтау қаласындағы дәмханалардың бірінде оқ атылды

Сурет: pexels
7 сәуірге қараған түні Ақтау қаласындағы дәмханалардың бірінде оқ атылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға Ақтаудың 14 ықшам ауданында орналасқан Leyla дәмханасында болды.

"Дәмханаға көңіл көтеруге келген бір топ жас төлем жасамастан кетіп қалмақ болған. Дәмхана қызметкерлері олардың жолын кес-кестегенде аспанға оқ атылып, төбелес басталып кеткен" деп жазады Lada.kz куәгерлердің сөзін келтіріп.

Оқиға орнына бірнеше полиция экипажы, сондай-ақ арнайы жасақ отряды келіп жетті.

Маңғыстау облысының ПД оқиғаға қатыстылардың барлығы Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізілгенін, оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатқанын нақтылады.


Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады