Семейде әпкелі-інілі қос бала жоғалып кетті

Сурет: Zakon.kz
Абай облысында 7 сәуірде Семейде әпкелі-інілі бір үйдің балалары жоғалып кетті. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қала тұрғындарынан оларды іздеуге көмектесуді сұрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Берілген нұсқаулыққа сәйкес, жоғалғандар - 2005 жылы туылған Алтынай Әбішева және 2008 жылғы Абзал Әбішев.

Өңірлік ведомсвто мәліметінше, олар 7 сәуірде сағат 15:00 шамасында Семей қаласындағы Восточный левый елдімекеніндегі үйінен шығып, сол күйі хабарсыз кеткен.

Алтынайдың белгілері: бойы - 160-165 см, дене бітімі - арық, шашы - қара. Үстінде етегі тізеге дейін жететін жасыл болон курткасы, қара түсті футболкасы, қара түсті кроссовкасы бар.

Абзалдың белгілері: бойы - 175-180 см, дене бітімі - арық, шашы -  ашық түсті, оң көзінің астында тыртығы бар. Үстінде - қара түсті жеңсіз күртеше, көк түсті футболка, қара түсті джинсы, қара түсті кроссовка.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

"Егер суреттегі жасөспірімдердің орналасқан жерін білген болсаңыздар, 102 телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз". Абай облысы ПД баспасөз қызметі


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек