Алматыда егде жастағы әйелді жолаушылар автобусы қағып, мерт қылды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда Жангелдин-Әшімбаев көшелерінің қиылысында 11 сәуірде жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, 1948 жылғы егде әйел Жангелдин көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан.

Сурет: Zakon.kz

Осы сәтте оны 117-ші жолаушылар автобусы қағып кетті.  Ауыр жарақаттары салдарынан зардап шегуші оқиға орнында жан тапсырды. 

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп жетті.

Сурет: Zakon.kz

Сұрастыру кезінде автобус жүргізушісі егде жастағы әйелдің "зебрадан" өтпегенін мәлімдеді.

Сурет: Zakon.kz

Алайда, жедел басқару орталығы тіркеген видеода, жағдай керісінше болып шықты. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты