ҰҚК Таразда көші-қон қызметінің қызметкерлері не үшін ұсталғанын нақтылады

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бүгін, 2024 жылдың 11 сәуірінде Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаменті Тараз қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметінің екі қызметкерінің ұсталуына қатысты кейбір мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін "Тараз көші-қон қызметінің басшылары парамен ұсталды" деген ақпарат пайда болған. Кейін Жамбыл облысы ПД аталған фактіні растап, 10 сәуірде Тараз қаласы ПД көші-қон қызметінің екі қызметкері заңсыз сыйақы алды деген күдікпен ұсталғанын нақтылады.
"Үстіміздегі жылы 10 сәуірде Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаменті Полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп Тараз қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметінің екі қызметкерін ұстады. Олар заңсыз келген шетел азаматтарына жалпы қамқорлығы үшін 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке алынады. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Тараз
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді