"Атып, ұрып, көлікпен мыжыған": Аса қатыгездікпен кісі өлтірді деп айыпталған ақмолалық сотталды

Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса қатыгездікпен кісі өлтірді деп айыпталған Бұланды ауданына қарасты Макинск қаласының тұрғынына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдың қарашасында Бұланды ауданының Макинск қаласында масаң күйдегі сотталушы жаратпайтын танысын ауылдың сыртына шақырып алып, алдымен мылтықтан атып, оның оң иығын жаралаған, онымен қоймай қашып бара жатқанда танысын қуып жетіп, қарын тұсынан тағы атқан. Бірақ оған мұның барлығы аз көрінген. Оқтан жарақаттанып, жерге қансырай құлаған оның басынан мылтықтың жуан басымен де ұрған. Одан кейін сотталушы көлікке отырып, жерде жатқан жәбірленушінің үстінен басып өткен. Алған жарақаттарынан екіншісі оқиға орнында жан тапсырды. 

Қылмыс орнынан жасырыну мақсатында сотталушы көлікті айдап кетіп, басқа көлікпен бірнеше рет қасақана соқтығысып апатқа ұшыраған.

Бұл қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды.

Қазылар алқасының шешімімен "Б." аса қатыгездікпен кісі өлтіргені, автокөлікті айдап, бөтеннің мүлкіне қасақана залал келтіргені үшін кінәлі деп танылды.

"Сот үкімімен Макинск қаласының тұрғыны 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғаннан жәбірленушілердің пайдасына 10 млн теңге моральдық зиян және 1,5 млн теңгеден астам келтірілген материалдық залал өндіріліп алынды. Сонымен қатар, сотталушыға алкогольдік ішімдікке тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеу шарасы тағайындалды".Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты