БҚДА Өнеркәсіп министрлігінің іс-әрекеттерінен бұзушылықтар анықтады

Сурет: Бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігі
Қатты пайдалы қазбаларды өндірудің сервистік қызметтері нарығына талдау қорытындысы бойынша геологиялық ақпаратқа қол жеткізгені үшін инвесторлардан негізсіз ақы алынғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің бұйрығына сәйкес, "Ұлттық геологиялық қызмет" АҚ ведомстволық бағынысты ұйымына инвесторлардан ақы алу құқығы берілген. 2022-2023 жылдар кезеңінде жалпы сомасы 1,18 млрд теңгеге геологиялық ақпарат алуға 3999 өтінім түскен. Ең көп төлем сомасы -1 қызмет үшін 38,9 млн теңгені құраған.

"Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бұл бұйрығы барлық мүдделі тараптарға геологиялық ақпаратқа ашық және тегін қол жеткізуге кепілдік беретін "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодекстің талаптарына қайшы келеді. Бұл норма жаңа жобаларды іске асыруға ықпал ете отырып, үмітті инвесторларды қолдауды қамтамасыз етеді", деп атап өтті Бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігі. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, монополияға қарсы орган заңдарда көзделмеген ақы алу бөлігінде мемлекеттік қолдау шаралары операторларының заңсыз қызметін тоқтатады.

Осыған байланысты, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді