Бишімбаевтың ісі: судья Құлбаева мәлімдеме жасады

Сурет: Telegram/Jogargy_sot
Бүгін, 2024 жылы 18 сәуірде бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысына төрағалық етуші судья Айжан Құлбаева мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдымен судья 22 сәуір, сағат 10.00-ге дейін үзіліс жарияланатынын мәлімдеп, содан кейін сот процесіне қатысушыларға жүгінді.


"Сот процесіне қатысушыларға сот талқысының басты бөлігі - сот тергеуі іс жүзінде аяқ шеніне таяп қалғанын хабарлағым келеді. Сот тергеуіне қатысты толықтырулар болып жатса, оның барлығын 22-23 сәуірде ұсынып үлгеруілеріңізді сұраймын, бұл соттың тараптарға жарыссөз дайындығына уақыт беру мүмкіндігі болуы үшін керек. Егер сот тергеуіне қандай да бір толықтыруларыңыз болса, оны 22-23 сәуірге дейін ұсыныңыздар. Осымен болды, үзіліс", - деп сөзін түйіндеді Айжан Құлбаева.

Айта кетсек, 2023 жылы 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қайғылы оқиға елордадағы Bau мейрамханасында болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады