Тәжікстан СІМ өз азаматтарына Қазақстан әуежайларында тексеру шаралары күшейтілгенін ескертті

Сурет: Zakon.kz
Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі өз азаматтарына Қазақстанда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатқанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстанға келгеннен кейін шекаралық және кедендік бақылаудан өту кезінде Тәжікстан азаматтары сапарының мақсаты мен келу мерзімдері, тұрғылықты жері, Қазақстандағы таныстарының немесе туыстарының болуына байланысты сұрақтарға жауап беруге, қажет болған жағдайда олардың тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондарын ұсынуға дайын болуы қажет".

Қиындықтар туындаған жағдайда Тәжікстан азаматтары Қазақстан астанасындағы Тәжікстан елшілігіне немесе елдің Алматыдағы Бас консулдығына жүгінуі қажет.

Тәжікстан мен Қазақстанның тиісті ведомстволары арасында тығыз және сындарлы өзара іс-қимыл бір жолға қойылғаны да нақтыланады. 

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі "қазақстандықтар Қырғызстан мен Тәжікстан секілді Ресейге барудан бас тартқаны дұрыс па" деген сауалға жауап берген болатын.

Қазақстан
Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды