Ақтөбе облысында әйелін қылқындырып өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Сурет: pexels
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлтіру, яғни әйелін қазаға ұшыратқан ер адамға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта ер адамның 2024 жылдың 1 ақпанында Темір ауданы Саркөл ауылында үй ішінде әйелін қолымен мойынынан қысып қылғындырып, оны қасақана өлтіргені анықталды.

Прокурор 11 жыл, ал жәбірленуші тарап қатаң жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін толық мойындады

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың, сарапшылардың жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен және заттай дәлелдемелермен қуатталады. 


"Сот үкімімен сотталушы Қ. ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 20 000 000 теңге моральдық зиян, 318 062 теңге материалдық шығын өндірілді".Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды