Семейдің орталық көшелерінің бірінде жеңіл көлік аударылып, үш адам зардап шекті

Сурет: видеодан алынды
23 маусымда сағат 14:10 шамасында Семейде Тарбағатай – Әуезов көшелерінің қиылысында жол апаты болып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Mitsubishi Pajero көлігін тізгіндеген 57 жастағы жүргізуші жолдар қиылысында көлік қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. Toyota Әуезов көшесімен тік бағытта келе жатқан. Қатты соққыдан Mitsubishi жол ортасында аударылып қалды.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады. Абай облысының полиция департаменті әрбір жүргізушіге жолдарда мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді". Абай облысы ПД баспасөз қызметі


Бұған дейін БҚО-дағы тас жолда жантүршігерлік жол апатынан төрт адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті