Павлодарда Түркия азаматы жауапқа тартылды

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты Түркия азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады. Ол көлігімен жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот отырысында "Lexus GS 300" маркалы көлік құралын басқарған жүргізуші А. екі жақты жолда келе жатып қарсы қозғалысқа арналған жолдың бетіне шығып кеткені анықталды. Сот отырысында А. әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы өз кінәсін ішінара мойындады. Ол бұрылмақшы болғанын, жолдың қарама-қарсы қозғалысқа арналған жолдың үзік сызығына дейін жүріп өткенін және ешқандай кедергі болмағандықтан бұрылып, өз жолағына шыққанын айтты. Осылай жасаған ол жол жүру ережелерін бұзғанын білмегенін, істеген ісіне өкінетінін де жеткізді.

"Сот қаулысымен Түркия азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы, 3-бөлігі, я,ни "Жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу" бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған көлік құралдарын басқару құқығынан 6 ай мерзімге айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды".Павлодар қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.


Павлодар
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: