Бұл оқиға 2022 жылы тамыз айында басталған. Екі жергілікті тұрғын: бірі - мектеп мұғалімі, тағы бірі жұмыссыз әйел жеңіл жолмен пайдаға кеңелудің жолын тапқан.
"Сотталушылар 2022 жылғы 2 тамыз бен 26 тамыз аралығында аудандағы алтын бұйымдарын сататын кәсіпкерлерге келіп, "көтерме бағамен алатын адамдар барын" айтып, тұтынушыларға көрсетуді себеп етіп бағалы тауарларды иеленген", делінген сот хабарламасында.
Нақтысында, кейін олар нарықтық құнынан төмен бағамен алтын бұйымдарды ломбардтарға өткізіп, түскен ақшаларды жеке бас пайдаларына жаратқан. Тағы бір бөлігін өздеріне қалдырған. Салдарынан жәбірленушілерге жалпы құны 70 089 970 теңге көлемінде мүліктік шығын келтірілген.
"Сот үкімімен сотталушылар ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның 10 000 000 теңгесі қайтарылған. Сот үкімімен азаматтық талап қоюшылардың азаматтық талаптары ішінара қанағаттандырылып, олардың пайдасына өкілдің көмегіне жұмсаған шығындарын қосқанда жалпы мөлшері 60 527 690 теңге өндіру туралы шешім шығарылды". Шиелі аудандық соты