Электромобильдерді тоқтату және тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынады: Тоқаев заңға қол қойды

Сурет: freepik
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңда электр зарядтау станцияларымен жабдықталған орындарда көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.

Атап айтқанда, электр қозғалтқыштарымен жабдықталмаған автомобильдердің жүргізушілеріне аталмыш орындағы тұраққа қоюға тыйым салынады.

Осылайша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі электр желілеріне өз бетінше қосылғаны үшін әкімшілік жазаны белгілейтін 309-1 – баппен толықтырылады, ол жеке тұлғаларға 50 АЕК (2024 жылы 184 600 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға-100 АЕК (369 200 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылықты көздейді, Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 500 АЕК.

Әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған кезде айыппұлдардың барлық мөлшері екі есе артады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек