Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасарына тағы екі бап бойынша күдік келтірілуде

Сурет: Zakon.kz
Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожинге тағы екі бап бойынша күдік келтіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК Ерғожинге қатысты тергеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатқанын айтты. Қазіргі уақытта оған ҚР ҚК-ның 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы, яғни "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)" және ҚР ҚК-нің 366-бабының 4.4-бөлігі - "Аса ірі мөлшерде пара алу" бойынша қүдік келтіріледі.

Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.

2023 жылдың 24 сәуірінде Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шықты. Ол мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылып, 18 жылға сотталды. Отанға опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану бабы бойынша ол кінәлі деп танылды. Әнуар Садықұлов 16 жыл, Дәулет Ерғожин 15 жыл, Марат Осипов үш жыл бас бостандығынан айырылды. 14 қарашада Кәрім Мәсімовке қатысты жаңа қылмыстық істер ашылғаны белгілі болды. ҰҚК мәліметтері бойынша, оған ақшаны жылыстатып, аса ірі көлемде пара алды деп күдік келтіріледі. 

Қазақстан
Мәсімов Кәрім
Ерғожин Дәулет

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді