Шымкентте ірі есірткі зертханасының көзі жойылды

Сурет: Zakon.kz
Қала прокуратурасының үйлестіруімен 2024 жылы 11 шілдеде ҰҚК-ның Шымкент қаласы бойынша департаменті жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Түркістан облысы аумағынан жасырын синтетикалық есірткі зертханасының қызметін әшкерледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласының екі тұрғыны кезекті есірткі заттарын жасау сәтінде ұсталып құрықталды.


"Тінту кезінде 60 келіден астам психотроптық заттар, 2,5 тонна прекурсорлар және  синтетикалық есірткіні жасауға арналған құрал жабдықтар тәркіленді". Шымкент қаласының прокуратурасы

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жария етуілге жатпайды.

 

Шымкент
Түркістан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда