Павлодар облысында ішімдікке салынған ата-анаға қатысты әкімшілік іс қозғалды

Сурет: pixabay
Павлодар облысында жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың құқықтары, тәрбиелеу және қорғау жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 425 ата-ана жазаланды. Солардың бірі Железин ауданында тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция департаментінің хабарлауынша, Железин ауданында үйінде бейтаныс адамдарды жинап, ішімдік ішетін, үйі антисанитарлық жағдайда, балаларын тәрбиелемейтін, жұмыс істемейтін отбасы анықталды.

"Бұл отбасына облыстық кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы барды. Отбасы профилактикалық бақылауға және отбасындағы мәселелерді түзетуге есепке алынды. Ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-аналарға қатысты әкімшілік іс қозғалды", делінген полиция хабарламасында. 

Сондай-ақ, көршілермен, туыстармен әңгімелесу жүргізіліп, отбасының тұрмыстық жағдайы туралы хаттама толтырылды. Ата-аналарға балаларын күтіп-бағу және тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершіліктері туралы түсініктемелер берілді. Балаларды емдеу, жұмысқа орналастыру, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына орналастыру бойынша құқықтық кеңестер беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 


Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз