Желіде видеосы тараған Жамбыл облысы ПД басшысы қызметінен шеттетілді

Сурет: gov.kz
Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин қызметінен уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты 31 шілдеде Zakon.kz сайтына ҚР ІІМ растады.

"Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының жария болған видеосына сәйкес Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Өңірге кадр саясаты департаментінің бастығы мен ІІМ Өзіндік қауіпсіздік қызметінің өкілдері жіберілді", - деді ведомстводан.

Сондай-ақ, ІІМ қызметтік тергеу барысы кезеңінде Баймурзин қызметінен шеттетілгенін айтты.

Айта кетсек, желіде өз қарамағындағылармен сөйлесіп отырғанда үстелді тоқпақтап, балағат сөздер айтқан погондағы ер адамның видеосы тарады. Ол Жамбыл облысы ПД басшысы делінеді. 

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады