Қарағанды облысында бассейн салу кезінде 130 миллион теңгеден астам қаражат жымқырылған

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облысында бассейн салуға бөлінген 130 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісін тексеруде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттіктің 1 тамыздағы мәлімдемесіне сәйкес, балалар спортын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар объектінің құрылысын бақылаған азамат орындалған жұмыстардың жалған актілері бойынша жеткізілмеген құрылыс материалдары үшін өзіне қарасты кәсіпорынның шотына, сондай-ақ бассейн құрылысына қатысы жоқ басқа кәсіпорындардың атына қаражат аударған.

"Кешенді сот құрылысы-экономикалық сараптамасының, сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, мемлекетке орындалмаған жұмыстар мен жеткізілмеген материалдардан тұратын 130 млн теңгеден астам залал келтірілген". ҚР Қаржы мониторинг агенттігі

Күдікті ұсталып, оған қатысты сот "үй қамақа алу" шарасын қолданды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

13 шілдеде Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу рәсімдерін нақты уақыт режимінде тексеруді жоспарлап отырғаны хабарланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды