Жаңа редакцияда мектепке дейiнгi ұйымдар бiр жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейін тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету және әлеуметтік бейімдеу, дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсету көлемін, оның ішінде тәрбиленушілерге инклюзивті білім беруді іске асыру үшін орындауды қамтамасыз ететіндігі айтылған.
Мектепке дейінгі ұйымдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бекітілген Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларына сәйкес тәрбиеленушілерге, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.
Білім беру ұйымдарында ата-аналардың (заңды өкілдердің) мүдделері ескеріле отырып, ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту:
- үлгілік оқу бағдарламасы, оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша жалпы сыныпта (үш баладан артық емес);
- және (немесе) арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша даму бұзылыстарының түрлері негізіндегі арнайы сыныптарда қарастырылған.
Сондай-ақ, Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бекітілген бұйрығымен Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларына сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілерге, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.
Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылады: күндізгі, кешкі және сырттай бөлім (сырттай, кешкі нысанда білім алу рұқсат етілмейтін мамандықтардың жекелеген біліктіліктерінен басқа).
ТжКБ ұйымдары білім алушылар, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.
Мұнымен қоса, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының, өрт қауіпсіздігі қағидаларының нормаларын сақтай отырып білім алушылардың жатақханаларда, жалға берілетін хостелдерде және қонақүйлерде қауіпсіз тұруы үшін жағдай жасайды.
Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқу нысанында жүзеге асырылады.
БК ұйымдары Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларына сәйкес білім алушылар, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.
Сондай-ақ, ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының, өрт қауіпсіздігі қағидаларының нормаларын сақтай отырып білім алушылардың жатақханаларда, жалға берілетін хостелдерде және қонақүйлерде қауіпсіз тұруы үшін жағдай жасайды.
Бір жастағы және әртүрлі жастағы балалар, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында қызығушылықтары бойынша бірлестіктерге, клубқа, студияға, ансамбльге, топқа, театрға, спорт секцияларына, зертханаларға, шеберханаларға, орталықтарға және өзге де бірлестіктерге біріктіріледі.
Ұйым ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен тұрғылықты жері бойынша жеке жұмыс жүргізеді.
Ұйым мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларына сәйкес білім алушылар, оның ішінде ерекше білім беретін адамдарға (балаларға) психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.
Бұйрық 2024 жылғы 17 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.