Полициямен жанжалдасқан "Алматы – Сочи" әуе рейсінің 29 жастағы жолаушысы қамауға алынды

Сурет: pixabay
Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы – Сочи бағытындағы әуе рейсінің 29 жастағы жолаушысын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйел кісі әуе рейсіне отырғызу кезінде мас күйде болып, өзін дөрекі ұстап, әуекомпания қызметкерлеріне балағат сөздер айтып, ескертулерге құлақ аспаған. Сондай-ақ ол полиция бөлмесіне жеткізу кезінде тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбаған.

Көлік полицейлері құқық бұзушыға қатысты қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны, құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін әкімшілік хаттама толтырып, материалды сотқа жолдады.

"Айта кету керек, бұл азаматша бұған дейін бір жыл ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", делінген хабарламада.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан бүгін 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды

"Аптап ыстық қайта оралады". Алматы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның жаңа Сыртқы істер министрі тағайындалды