Алматыда қақпаға соғылған мопедтің жүргізушісі қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Алматыда мопед жүргізушісі жол апатына ұшырап, қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.Видео сипаттамасында Бейімбетов көшесінен төмен орналасқан Тәтібеков көшесінде жарықтың нашар болуына байланысты түнде мопед жүргізушісі жолдың біткенін аңғармай, бар жылдамдығымен қақпаға соғылған.

"Мопедтегі екеудің бірі қаза тапты, тағы бірі жан сақтау бөліміне түсті. Көше тұрғындары OpenAlmaty арқылы бұл мәселе бойынша тиісті органдарға бірнеше рет жүгінген, сондай-ақ Медеу ауданының әкімімен болған кездесуде де осы проблеманы көтерген", делінген видео астындағы жазбада.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі аталған жол апатына қатысты түсініктеме берді.

"Аталған факті бойынша Медеу ауданының полиция бөлімі тергеу амалдарын қолға алды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мән-жайлар анықталуда", делінген хабарламада.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті