Самара – Шымкент тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, бес адам қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
26 тамызда Самара – Шымкент тас жолында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысты. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне Ақтөбе облысының полиция департаменті хабарлады.

Ведомство атап өткендей, Қобда ауданының Әлия Молдағұлова атындағы ауылы маңында Mersedes жүк көлігі және Volkswagen Polo соқтығысқан.

"Апат салдарынан оқиға орнында жеңіл көліктегі төрт жолаушы (екі ересек және екі бала) қаза тауып, жүргізуші мен бір бала ауруханаға жеткізілді", – деді полициядан.

Кейінірек ауруханаға жеткізілген баланың алған жарақаттарынан қайтыс болғаны белгілі болды. Сондай-ақ, Volkswagen-Polo жүргізушісінің жағдайын тұрақтандыру мүмкін болғаны, ол есін білетіні, бірақ жағдайы ауыр екені нақтыланады.

"Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", деп қорытындылады ведомстводан.

Бұл - Ақтөбе облысында бір тәулік ішінде болған екінші жол апаты. Бұған дейін Ақтөбе маңында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысқаны хабарланған болатын. Автобус жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жатқызылған.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді