ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары ұсталды

Сурет: gov.kz
ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде 4 қыркүйекте жарияланды. Онда бас қолбасшының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары, генерал-майор Константин Воронкиннің 2023 жылы пара алу фактісі бойынша ұсталғаны айтылған.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі ақпаратты растады.

"ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарының құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттерін құзыретті органдар ІІМ-мен бірлесіп жүргізіп жатыр.  Министрлік өз қатарында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеу қағидатын өз ұстанымдарының бірі екенін нақтылайды, осыған байланысты қолданыстағы заңнама шеңберінде объективті және жан-жақты тергеу жүргізілетін болады", деп түсіндірді ведомстводан.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды