Алматыда мопедист жаяу жүргіншілер өткелінде қызды қағып, қашып кетті

Сурет: Алматы ПД
Алматы көшелерінің бірінде, мопедист жаяу жүргіншілер жолағында қызды қағып, оны бірнеше метрге дейін ұшырып жіберген. Өзі оқиға орнынан ізін суытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға кадрларымен 6 қыркүйекте Алматы полициясы бөлісті.

"Бұл жол-көлік оқиғасы 28 тамыз күні таңғы сағат 07.15-те Алматының Әуезов ауданында орын алды.Төле би даңғылымен батыс бағытта келе жатқан мопед жүргізушісі белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан қызды қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған",- делінген ведомство хабарламасында.

Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаевтың айтуынша, іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген шаралардың арқасында қашып кеткен азамат анықталды және ұсталды.

"Бұл 23 жастағы жігіт. Қазіргі уақытта жаяу жүргінші ауруханада жатыр, жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы бейнебақылау жүйелерінің ресурстары барынша пайдаланылғанын айта кеткен жөн".Серік Шумаев

Бұған дейін Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін сақтап қалғаны хабарланды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы