Алматы қаласындағы тергеу изоляторы бастығының ұсталуы: ҚАЖК түсініктеме берді

Сурет: pxhere
Әлеуметтік желіде 9 қыркүйекте Алматы қаласындағы тергеу изоляторының бастығы Мұратжан Кәкімжановтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратқа қатысты Zakon.kz сайтына ҚР ІІМ ҚАЖК түсініктеме берді.

Құзырлы ведомство бұл факт бойынша құзыретті органдар тергеу амалдарын қолға алғанын жеткізді. Сонымен қатар, ҚР ІІМ ҚАЖК да қызметтік тексеру жүргізеді.

"Олардың нәтижелері бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады. ІІМ ҚАЖК өз қатарында құқыққа қайшы әрекеттердің кез келген көріністеріне төзбеушілік ұстанымын ұстанады, осыған байланысты объективті және жан-жақты тергеудің жүргізілуіне өз тарапынан жәрдемдесетін болады", деп атап өтті ҚАЖК.

4 қыркүйекте пара алды деген күдікпен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары ұсталғаны белгілі болды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты