Қызылорда облысында 7 мыңнан астам адам өзіне тиесілі тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмаған

Сурет: pixabay
Қызылорда облысының прокуратурасы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде өңірдегі 7 мыңнан астам тұрғынының дәрілік заттармен қамтамасыз етілмегенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, Қызылорда қаласының емханаларында балалардың жас шамасы ескерілмей, 1 мыңнан астам кәмелетке толмағанға негізсіз дәрі-дәрмек тағайындалған.

"Медициналық көрсетімдерсіз 170 науқас инсулин препараттарымен қамтамасыз етілген. Одан бөлек, 68 дана медициналық препараттың сақтау талаптары бұзылып, екі науқасқа жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар тағайындалған. Сонымен қатар өңірдің 14 медицина ұйымында заңсыз фармацевтикалық қызметпен 19 жұмыскер айналысқан", делінген хабарламада.

Анықталған заңдылықты бұзулар бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, қарау нәтижесімен 93 тұлға жауаптылыққа тартылған. 

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді