Сотта құзырлы органдар кезектен шығаруға әйелдің күйеуінің атына үйге меншік құқығы тіркелгендігінің анықталуы себеп екенін айтты. Алайда көпбалалы ана бұл жер телімінің күйеуіне уақытша пайдалануға берілгенін түсіндірді. Үй салуға қаражаты жоқ отбасы оны сенімхат арқылы сатып жіберген екен. Сатып алушы оған 2019 жылы тұрғын үй салған, кейін ол оны заңмен рәсімдеген.
"Сот талап қоюшының күйеуінің жеке меншік құқығында тіркелген тұрғын үй ғимараты болғанымен, ол тек үй салынған учаскенің иесі болып табылмайтынын анықтады. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 73-бабының 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес, тұрғын үй алуға мұқтаж және оны алғанға дейін есепте тұрған көп балалы аналар мен отбасылар есептен шығаруға жатпайды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, талап қою қанағаттандырылды: сот тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен тұрғын үй инспекциясына тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы ананың кезегін қалпына келтіруге міндеттеді", делінген сот хабарламасында.
Сот шешімі заңды күшіне еніп, қазіргі уақытта жауапкер оны орындауда.