Желіде полицейлер туралы тарап жатқан ақпаратқа қатысты ІІМ түсініктеме берді

Сурет: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз қызметі 2024 жылы 11 қыркүйекте әлеуметтік желіде өзін полицей ретінде таныстыратын адамдар тобы туралы тарап жатқан хабарламаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан хабарлама авторы бір топ адам жеке куәліктерді тексеру және биометриялық деректерді жинау үшін пәтерлерді аралап жүргенін, олар өздерін ішкі істер органдарының қызметкерлері ретінде таныстыратынын, тіпті жандарында ІІМ мөрі мен таңбасы бар құжаттары бары туралы ақпарат тарады.


Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ішкі істер министрлігі бұл хабарламаны назарға алып, оның өтірік екенін нақтылады.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға БАҚ немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді қолдана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз. Тек ресми дереккөздерге сеніңіздер". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталды: не істеу керек, қайда бару керек