Қазақстан азаматтары әскерге шақыру жасын өзгертуді сұрайды

Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 2024 жылы 12 қыркүйекте ePetition.kz ресми порталда ҚР Қорғаныс министрлігіне жолданған "Мерзімді әскери қызметке шақыру жасын өзгерту туралы" петиция жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петиция авторлары әскерге шақыру жасын 18 жастан 20 жасқа дейін көтеруді ұсынады. 

"Біз, төменде қол қойған Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру жасын қайта қарауды және оны 18 жастан 20 жасқа дейін көтеруді сұраймыз", делінген петицияда.

Олардың ұсынысы келесі дәлелдерге негізделген:

Сондай-ақ, петиция авторлары басқа елдердің тәжірибесін мысалға келтіреді.

"Швеция, Германия, Швейцария және Австрия елдерінде де шақыру жасы 19-20 жастан басталды. Бұл мұндай жастағы шақырылушылар физикалық және моральдық жағынан жақсырақ дайын болуымен, әскердің жауынгерлік дайындығы мен тиімділігін арттыруға септігін тигізе алатындығымен байланысты. Бұл жастардың өмір сүру сапасын жақсартып, елдің қауіпсіздігін арттыру үшін әскерге шақыру жасын реформалау керектігін көрсетеді", делінген петицияда.


Петиция авторлары әскерге шақыру жасын 20-ға дейін көтеру әскери қызметтің тиімділігін жақсартып, жас азаматтардың мүдделерін қорғайтынына және Қазақстанның қорғаныс жүйесінде оң өзгерістерге әкелетіндігіне сенімді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Еліміз бойынша 11 маусымға арналған ауа райы болжамы

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды