Павлодар облысында ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтары бұзылған

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Павлодар облысы Аққулы ауданының прокуратурасы 10 әлеуметтік нысанның іргелес аумақтарын визуалды тексеру арқылы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді орта қарастырылмағанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысының прокуратурасының хабарлауынша, бұл жағдайлар олардың конституциялық құқықтарына нұқсан келтіріп, әлеуметтік теңсіздікті айқындайды. 

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджеттен 1 миллион теңгеге жуық қаражат бөлініп, оған ауданның тоғыз әкімшілік ғимаратында тактильді жолақтар мен көмекке шақыру түймелері орнатылған пандустар жөнделіп, салынды.

Тағы 10 мекемеде арнайы автотұрақтар мен оларға арналған жол белгілері қойылды.

"Бұзушылықтар үшін объектілердің екі баланс ұстаушысына  әрқайсысына 200 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Сөйтіп, прокурорлық қадағалау шараларымен ауданның ерекше қажеттіліктері бар 417 тұрғынының құқығы қалпына келтірілді", делінген өңірлік прокуратура хабарламасында.

 

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды