ШҚО-да қорғаншы отбасы асыруындағы қызға ұдайы күш көрсетіп келген деген күдікке ілінді

ШҚО-да қорғаншы асырауындағы кәмелетке толмаған қызды ұрып-соғу фактісі бойынша тергеу басталды. ҚР ҚК-нің 109-1-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Омбудсмендердің ұсынған ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың маусым айында ШҚО бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкіліне "Аналар Үйі" ресурстық орталығының өңірлік маманынан кәмелетке толмаған қызды ұрып-соғу фактісі бойынша хабарлама келіп түсті.

Іс жүргізу барысында қыздың үйден бірнеше рет қашып кеткені анықталды, ал үйіне оралғаннан кейін біраз уақыт өткен соң оның денесінен физикалық күш қолдану белгілері, сондай-ақ тері ауруы табылды. Жасөспірімнің физикалық және психологиялық жағдайы қанағаттанарлықсыз деп бағаланады.

Өскеменнің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиясы қалалық қорғаншылық және қамқоршылық органдарына қорғаншының міндеттерін орындамауына байланысты қорғаншылық құқығынан айыру туралы мәселені қарауды ұсынды. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы басшылығына жасөспірімді ұрып-соғу фактісі бойынша арыз түсіру ұсынылды.

Алайда, аталған уәкілетті органдар ұрып-соғу фактісінің мән-жайларын анықтауға қатысты шаралар қолданбастан, баланы қорлық көруі ықтимал отбасыға кері қайтарған.

Қазіргі уақытта Өскемен қалалық полиция басқармасы кәмелетке толмағанның дене жарақатын алуы бойынша объективті фактілерді анықтау мақсатында ҚР ҚК-нің 109-1-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Өскемен
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: